×

Түрікменстандағы президент сайлауының қорытындысы шықты

Сердар Бердімұхамедов - Түрікменстан президенті

 Ербол Тұрымбет 15.03.2022 | 14:20
Сердар, Гурбангуры Бердімұхамедовтер, фото: tdh.gov.tm

Түрікменстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы 12 наурызда өткен Түрікменстандағы президент сайлауының қорытындысын жариялады.

Тіркелген 3 460 080 сайлаушының 3 362 052-сі дауыс беріп, таңдауын жасады. Бұл сайлаушылардың 97,17 пайызы өз таңдауын жасады дегенді білдіреді.

Президент сайлауына 9 кандидат бақы сынады. Сайлау нәтижесі бойынша:

  • Сердар Гурбангулыевич Бердымухамедов 72,97%;
  • Хыдыр Какабаевич Нуннаев 11,09%;
  • Агаджан Бекмырадов 7,22%;
  • Бердимаммет Ханмамедович Курбанов 2,22%;
  • Перхат Гуванчгулыевич Бегенджов 2,02% жинады;
  • Максатмурад Аширгельдыевич Овезгельдыев 1,16%;
  • Максат Мырадович Одешов 1,15%;
  • Мередов Бабамурат Тиркешович 1,08%;
  • Какагельды Атаджанович Сарыев 1,09% дауыс жинады.

72,97% дауыс жинаған Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыевич Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып сайланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама