2,4 мыңнан аса адам аурудан емделіп жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 195 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте 195 адамнан COVID-19, 7 адамнан пневмония табылды.
7 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 437 адам коронавирустан (–2 295+ және 142 КВИ-) емделуде.
Олардың ішінде 272 пациент стационарда, 2 165 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 15 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.