Путин өз әскеріне Украинадағы атысты тоқтатуға бұйрық берді
Бұл шешім Рождество мерекесіне орай қабылданып отыр
Ресей президенті Владимир Путин өз әскеріне Украинадағы атысты 36 сағатқа тоқтатуға бұйрық берді. Бұл шешімді ол Православтық Рождество мерекесіне орай қабылдағанын айтты. Оның айтуынша, Украинадағы ымыра қаңтардың 6-7-сі күндері болуы тиіс. Алайда, Киев бұл ұсынысты қабыл алған жоқ, деп хабарлады qazaqstan.tv.
Елімізге қарсы террорды жалғастырып, адамдарын қырғынға жіберіп, агрессияны тоқтату туралы ұсынысымызды қабылдамай отырғандар өмірді бағаламайды. Бейбітшілікке ұмтылмайды. Олар жауынгерлеріміздің Донбастағы ілгерілеуін тоқтатып, құрал-жабдықтарын, оқ-дәрілерін, әскерлерін позицияларымызға аз уақытта жақындатқысы келеді. Бұл оларға не береді? Шығыннан басқа ештеңе емес, – дейді Украина президенті Владимир Зеленский.
Ал АҚШ пен Германия Украинаға «Брэдли», «Мардер» атты брондалған машиналарын беруге келісті. Мұны президент Джо Байден мен канцлер Олаф Шольц телефонмен сөйлескеннен кейін мәлімдеді. Берлин мен Вашингтон Киевке тағы бір «Пэтриот» батареясын жіберетін болды.