Президент қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Динара Амантай

Мемлекет басшысы православ христиандарына жылы лебізін жеткізді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ христинадарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам үміт пен қуаныш сыйлайды, жақсылыққа және әділдікке шақырады. Басқа дәстүрлі діндер секілді христиан діні де мейірімділік, жанашырлық, сүйіспеншілік сияқты қастерлі құндылықтарды арқау еткен. Біздің қоғамымызда түрлі дінді ұстанатын, дүниетанымы әртүрлі жандарға адамгершілік жолын нұсқайтын жоғары гуманистік идеалдар берік орныққан. Православ діні қоғамымыздың ажырамас бөлігі ретінде жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға, мәдениеттер мен дәстүрлер әралуандығын сақтауға ықпал етіп келеді. Халықтың ынтымақ-бірлігі және тілектестігі тұрақтылығымызды нығайтып, еліміздің өсіп-өркендеуіне және жан-жақты жаңғыру жолымен алға нық қадам басуына кепіл бола беретініне кәміл сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңырақ бақ-берекеге кенелсін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, Рождество – Иса пайғамбардың туған күніне орай өтетін христиан дініндегі басты мейрамдардың бірі.