2023 жылы қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды
Биылғы Рождество сенбіге келеді. Дегенмен мереке демалыс күніне түссе де, басқа күнге ауыстырылмайды
2023 жылы қазақстандықтар үшін ұзақ демалыс сирек болады. Мысалы Жаңа жыл мейрамында небәрі 3 күн демалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биылғы Рождество сенбіге келеді. Дегенмен мереке демалыс күніне түссе де, басқа күнге ауыстырылмайды.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні сәрсенбі күніне түседі. Бұл күні 1 күн демалыс болады.
Наурыз мейрамын тойлауға 3 күн демалыс беріледі. Ол сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндеріне сәйкес келеді. Яғни қазақстандықтар 21, 22 және 23 наурыз күндері демалады.
Ал мамыр айында 3 мереке қатар тойланады. Сәйкесінше мына күндер демалыс боладыі:
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, жексенбіге түсіп, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша екі күн демалыс болады.
9 мамыр – Жеңіс күні, сейсенбіге сәйкес келеді.
2023 жылы Құрбан айт сәрсенбіге түседі. Биыл қазақстандықтар қасиетті мерекеге орай 28 маусымда демалады.
Қазақстанда 2023 жылы демалыс күндерін ауыстыруға байланысты 6 шілдеде Астана күніне 4 күн демалыс жоспарланған. 6 және 7 шілде, содан кейін тағы 2 күн – сенбі және жексенбі. Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.
30 тамызда бір күн демалыс. Конституция күні биыл сәрсенбіге сәйкес келеді.
25 қазан – Республика күні, қазақстандықтар бір күн демалады, сәрсенбіге түседі.
Желтоқсан айында Тәуелсіздік күні – 3 күн демалыс болады. 16, 17 және 18 желтоқсан (демалыс күнінің кейінге шегерілуіне байланысты).