БҚО-да мал бағып жүріп жоғалып кеткен жасөспірім табылды
Мал бағып жүріп жоғалып кеткен жасөспірім 4 сағаттан соң аман-есен табылды
Батыс Қазақстан облысында мал бағып жүріп адасып кеткен жасөспірім табылды.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 6 қаңтар күні Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі аумағында болды.
«Қоскөл ауылынан 4 шақырымдай жерде 2008 жылғы жасөспірім мал бағып жүріп, сағат 10.00-де ауа райының нашарлауына байланысты бағытынан жаңылған. Бұл туралы сағат 15.48-де хабар түскен. Іздестіру жұмыстарына ТЖ, полиция бөлімдері, жергілікті атқарушы органдар және тұрғындар жұмылдырылды. Соның нәтижесінде сағат 16.40-та жасөспірім аман-есен табылды. Ол медициналық көмекті қажетсінген жоқ», - деп хабарлады ведомство.