Оған аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылған
Павлодарда облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовтің қылмыстық ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Бүгін сағат 15:00-де Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті. Оның қорытындысы бойынша негізгі сот талқылауының мерзімі бекітіледі, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 2022 жылғы 17 қаңтарда Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылған еді. Былтыр маусымда іздеу жарияланып, 13 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оны шекарадан өтпек болған жерінен ұстаған болатын.