×

Жастарға жеңілдікпен микронесие беру қағидасы бекітілді

Қарыздың ең жоғары сомасы - 5 млн теңгеге дейін

 Динара Амантай 06.01.2023 | 17:25
Фото: ult.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеңілдікпен микронесие берудің қағидасын бекітті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қағидаларда кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде микронесие беру көзделген.

Микронесиелер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілетін болады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепілдің болуы міндетті.

Микронесиелерді кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микронесиелеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.

Қазір министрлік:

- жергілікті атқарушы органдармен несиелік шарттар жасасу;

- «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдардың тапсырма шартын жасасу;

- бизнес-жобаларды қарау бойынша өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Микронесие алуға өтінімдерді қабылдау уақыты және өтініш беретін кеңселердің мекенжайлары туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама