×

Индер ауданында 150 мың бас малды суаруға су жетпей жатыр

Бір көзден су шығарғанмен ол бәріне бірдей жетпейді

 Еркеғали Болатұлы 06.01.2023 | 14:55
фото: khabar.kz

Судың жетіспеушілігі Атырау облысындағы шаруаларды әбден әбігерге салды. Каналды ойып, су шығарғанмен оның өзі бәріне бірдей жетпейді.

Сондықтан қазір арналарға су айдау жұмыстары «Қазсушар» мекемесімен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Әйтпесе, су тапшылығын қатты сезініп отырған Индер ауданының өзінде қазір 150 мың бас мал бар.

29 желтоқсан күні Бағырлай арнасына су жіберу жұмыстары басталды. Бұл жерде атап өтерлік мәселе – қазір екі жүзбелі пантон насос орнатылған. Соның біреуі қосылды. Екіншісіне дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар, 3 қаңтарда аудандағы Ақсай арнасына су айдау жұмыстары басталды. Енді Алғабас-Жорық арнасына су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама