Кеше ШҚО-да да көшкін жүріп, жалпы көлемі 600 текше метр қар түскен
Алматыда бір тәуліктің ішінде Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде 18 рет қар көшкіні жүрген. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, түскен қардың көлемі – 29 мың текше метр.
Қар көшкіні адам өтпейтін таулы аймақтарда жүрді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өзен арналары мен жолдарға қар түскен жоқ. Алматылықтар мен қала қонақтарына көшкін қаупі туралы медиабордтар ескертіп жатыр. Ұялы телефондарға SMS-хабарламалар жіберілді, - делінген хабарламада.
Құтқарушылар осы уақытта таулы жерлерге бармауға, тік қарлы беткейлерден сақ болуға, тау шаңғысы курорттарындағы қоршаулардан тыс жерлерге шықпауға кеңес береді.
Сондай-ақ кеше ШҚО-да да көшкін жүріп, жалпы көлемі 600 текше метр қар түскен.