×

Бес жасар бала інілерін газдан уланудан аман алып қалды

Үш баланың ересектеуі 112 номеріне хабарласқан

 Дастан Жұмабекұлы 06.01.2023 | 09:46
фото: ашық дереккөз

Семей қаласында 5 жасар баланың 112 номеріне хабарласқанының арқасында екі інісі көмірқышқыл газынан уланудан аман қалды.

Семейде үйде ата-анасыз қалған 3 бала көмірқышқыл газына улана бастаған. Үш баланың ересектеуі, яғни 5 жасар бала үйден газдың исі шыққанын байқап, 112 номеріне хабарласып, болған оқиғаны айтып, көмек сұраған.

Баланың қоңырауынан кейін құтқару жасағы, 102 және 103 қызметкерлері оқиға орнына барған. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлері құтқарушылар үйге барғанға дейін баламен бейнебайланыста болып, психологиялық көмек көрсеткен.

Содан кейін құтқарушылар үйге келген соң газ иісі шыққан құлыпталған үйден 5, 3, және 2 жасар үш баланы алып шығу үшін кіреберістегі есіктің құлпын бұзып, балаларды жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған. Тексеруден кейін балалар ауруханаға жеткізіліп, оларға жеңіл дәрежелі көмірқышқыл газымен улану диагнозы қойылған. Қазір олардың жағдайы қалыпша.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама