×

«Шаңғы теуіп жүріп ағашқа соғылған»: Полиция жасөспірімнің өліміне қатысты түсініктеме берді

Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет немесе жұмыс орындау фактісі бойынша іс қозғалды

 Халық үні 06.01.2023 | 06:25
фото: ашық дереккөзден

Зеренді ауданында орналасқан шаңғы базасында қайғылы жағдай болды. Астана қаласының 16 жастағы тұрғыны ағашқа соғылып, көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Зеренді аудандық полиция бөліміне шаңғы базасының басқарушысы хабарласып, Садовое ауылынан 10 шақырым шалғай жерде шаңғы жолағында кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғанын айтты.

Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы аттанды.

«Кәмелет жасқа толмаған баланың шаңғы базасына ата-анасымен бірге демалуға келгені анықталды. Жерде жатқан жас жігітті сонда демалған екі адам тапты. Ол шаңғы трассасымен төмен түскенде ағашқа соғылған. Сосын құлап, есін жимастан оқиға орнында қайтыс болды», - дейді полиция.

Қазіргі кезде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет немесе жұмыс орындау фактісі бойынша іс қозғалды. Ол үшін 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама