Halyq Uni логотип
×

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы бір жұмысшы көз жұмды

Оқиға орнына дәрігерлер келіп, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткен

 Халық үні 05.01.2023 | 23:44
«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы бір жұмысшы көз жұмды
фото: ашық дереккөзден

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ кәсіпорны аумағында тағы да жұмысшы қаза тапты. 

БАҚ-та келтірілген дерекке сүйенсек, қайғылы оқиға №2 қаңылтыр тарту цехының химиялық блогындағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде орын алған. Ер адамды тоқ соққан. Оқиға орнына дәрігерлер келіп, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда ол есін жимастан көз жұмды.

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның мердігер ұйымы жұмысшысының қаза болу фактісі бойынша ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі («еңбекті қорғау ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары қолға алынды»,- деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. 

Бұған дейін 2022 жылдың 8 желтоқсанында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатының кокс-химия өндірісінде жұмысшы қайтыс болды. Ол кезде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тың 1982 жылғы газ маманы қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама