Halyq Uni логотип
×

Шымкентте жер сілкінді: министрлік мәлімдеме жасады

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ

 Халық үні 05.01.2023 | 22:58
Шымкентте жер сілкінді: министрлік мәлімдеме жасады
фото: ашық дереккөзден

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. 

Зілзала 5 қаңтар Астана уақытымен сағат 20:25 кезінде болған.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 859 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 14,4. MPV магнитудасы – 6,6. Тереңдігі – 200 км. МSК-64 бағаны бойынша Шымкент қаласында 2-3 балл көлемінде сезілген.

«Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ», – деп мәлімдеді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама