Путин Рождествода соғысты тоқтатады – Кремль
Шешім патриарх Кириллдің өтінішін ескере отырып қабылданды
Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгуға 6 қаңтарда сағат 12:00-ден 7 қаңтар сағат 00:00-ге дейін Украинадағы барлық бағыты бойынша атысты тоқтатуды тапсырды. Бұл туралы Кремль сайтында хабарланды.
Шешім патриарх Кириллдің өтінішін ескере отырып қабылданды.
«Православие дінін ұстанатын азаматтардың көп бөлігі соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтарда тұратынын негізге ала отырып, біз украиндық тарапты атысты тоқтатуды жариялауға және оларға Рождество қарсаңында, сондай-ақ мейрам күнінде рәсімдерге қатысуға мүмкіндік беруге шақырамыз. Христостың туған күні», - делінген хабарламада.