Өзбекстанда тағы бір дәрі талапқа сай болмай шықты

Дастан Жұмабекұлы

Ол нормативтік құқықтық құжатта көрсетілген құрамға сәйкес келмейді

фото: ашық дереккөз

Өзбекстанда медициналық мақсатта қолданылатын «Амбронол» препараты талапқа сай болмай шықты.

Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау зертханасы жүргізген «Док-1 Макс» және «Амбронол» препараттарының сапасын бақылау нәтижелері бойынша аталған дәрі-дәрмектің нормативтік құқықтық құжатта көрсетілген құрамға сәйкес келмейтіні анықталды.

Атап айтқанда, олардың кейбір серияларында пропиленгликольдің орнына немесе онымен бірге этиленгликоль және диэтиленгликоль қоспасы болатыны анықталды. Осыны ескере отырып, тұрғындардың денсаулығын сақтау және қалған дәрі-дәрмектерге қосымша тексеру жүргізу мақсатында сақтық шарасы ретінде 2022 жылы «Quramax Medical» ЖШС-нің республика аумағына жеткізілген барлық дәрі-дәрмегін сату тоқтатылды. 

Бұған дейін «Quramax Medical» ЖШС Үндістаннан әкеліп, ел аумағында сатқан «Док-1 Макс» препаратынан республикада 20-ға жуық бала қайтыс болған еді.