×

Атырауда екі адам мұз астына түсіп кетті

Бір адам құтқарылып, екіншісі су астынан іздестіріліп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 05.01.2023 | 16:12
фото: ашық дереккөз

Атырауда Жайық өзенінің мұзы ойылып, суға түсіп кеткен екі адамның біреуі құтқарылды. Қазір екінші адамды іздеу жалғасып жатыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, оқиға бүгін болған.

Атырау қаласының маңындағы жұмысшы полицияға жергілікті уақыт бойынша сағат 11:14-те екі адамның Жайық өзенінде мұз астына түсіп кеткенін хабарлаған.

Оқиға орнына облыстық ПД балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің инспекторлары – полиция капитаны Жеткіншек Иманғалиев пен полиция аға сержанты Айбат Жауымбаев жетіп, өзенге батып бара жатқан бір адамды арқанмен ұстап қалған.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен полиция қызметкерлері Жайық өзеніне түсіп кеткен 1974 жылғы ер адамды құтқарып қалды. Құтқарылған адам облыстық ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қазір Жайық өзеніне түсіп кеткен 1975 жылғы ер адамды су астынан іздестіру жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама