×

Атырау мешіттері 12 отбасына баспана сыйлады

Былтыр қайырымдылық бағытында облыс мешіттерінде 1 167 іс-шара өткізілген

 Динара Амантай 05.01.2023 | 14:10
Фото: qazaq1913.com

Атырау облысындағы мешіттер 12 отбасына баспана сыйлады. Бұл туралы өңірдің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Пәтерлердің төртеуі қызметтік болса, сегізі әлеуметтік осал топтарға беріліп отыр. Оның ішінде біреуі Атырау қаласынан, алтауы Құрманғазы, екеуі Жылыой, үшеуі Махамбет ауданынан берілген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» атты қайырымдылық жобасы аясында былтыр облыста 12 мұқтаж отбасы баспаналы болды. Мұқтаж отбасылардың қатарында асыраушысынан айрылғандар мен көпбалалы аналар бар, – деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Сондай-ақ өткен жылы Атырауда 22 сауда нүктесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал стандарт сертификатын алған. Олардың қатарында «Тәп-тәтті», «Зәуреш тәттілері» кондитерлік өнімдер цехы, «Шоқ донер» жылдам тамақтану желісі, «Халил ұста» ет өнімдері дүкені бар.

Айта кетсек, былтыр қайырымдылық бағытында облыс мешіттерінде 1 167 іс-шара өткізілген. Өңірдің 91 853 адамын қамтыған қайырымдылық шаралары арасында «Көшпелі керуен», «Жылулық сыйла», «Мектепке жол», «Алтын құрсақты батыр анаға тосын сый» атты акциялар ұйымдастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама