Halyq Uni логотип
×

Қаңтар оқиғасы: 8 өңірдегі бүлінген нысандарды жөндеуге 31,1 млрд теңге бөлінді

Алматы әкімдігінің ғимараты наурызда толық қалпына келтіріледі

 Дәурен Ерболат 05.01.2023 | 13:07
Қаңтар оқиғасы: 8 өңірдегі бүлінген нысандарды жөндеуге 31,1 млрд теңге бөлінді
фото: Владимир Третьяков

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген 8 өңірдегі ғимараттарды жөндеуге 31,1 млрд теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстандағы 8 өңірде 42 мемлекеттік ғимарат қиратылды. Олардың бірі – Алматыдағы президент резиденциясы. Бұл нысанды бұзу туралы шешім қабылданды. Ол туралы білесіздер. Бүгінде жалпы 41 нысанды жөндеуге 31 млрд 100 млн теңге бөлінді, - деді вице-премьер Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, биыл қаңтарда 41 нысанның 37-сі қалпына келтірілген.

Жетісу облысы әкімдігінің ғимараты қалпына келтіріледі. Наурызда Алматы қаласындағы Бас прокуратураның Құқықтық статистика ақпарат орталығы мен Алматы қаласының әкімдігі қалпына келтіріледі... Алматыдағы телерадиокешеніне тоқталайын. Бұл ғимаратты бұзу туралы шешім қабылданды. Себебі ол қалпына келтіруге жарамайды, - деді Роман Скляр.

Сондай-ақ Үкімет басшысының бірінші орынбасары коммерциялық нысандарға тоқталды.

«Жалпы 350 коммерциялық нысан (Қаңтар оқиғасында, – автор) бүлінді. Бүгінде барлығы қалпына келтірілді. 1 789 кәсіпкерлік субъект залалды тікелей өтеуге өтінім берді. Шағын және орта бизнес объектілеріне 16 млрд 700 млн теңге бөлінді», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама