×

Қаңтар оқиғасына кәмелетке толмағандар да қатысқан – ІІМ

Марат Ахметжанов олардың ауыр қылмыс жасағанын айтты

 Дәурен Ерболат 05.01.2023 | 11:26
фото © Тимур Батыршин

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қаңтар оқиғасына кәмелетке толмағандар да қатысқанын мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қаңтар оқиғасына қатысқан адамдардың көпшілігіне бас бостандығына айырмайтын шаралар қолданылды. Төтенше жағдай кезінде ауыр қылмыс жасаған – кәмелетке толмаған 12 адам анықталды. Оларға қарсы бұлтартпау шарасы бас бостандығын айырмау шарасына өзгертілді», - деді министр Мәжілістің жалпы отырысында.

Министрдің айтуынша, қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық істерді тергеу 3 буынды модельмен жүргізілген. Тергеушілер барлық негізгі шешімді прокурордың қадағалауы және соттың бақылауымен жүргізген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама