×

Заңсыз бұйрық берген: экс-министр Мұрат Бектанов туралы тың дерек айтылды

Әскери сотта экс-министр Мұрат Бектановтан жауап алынып жатыр

 Дәурен Ерболат 05.01.2023 | 10:55
Мұрат Бектанов, фото: ашық дереккөзден

Бас прокурор Берік Асылов бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов туралы тың дерек айтты.

«Әскери сотта бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтан жауап алынып жатыр. Төтенше жағдай кезінде ол заңсыз бұйрықтар берген әрі тергеу оны әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырды деп санайды. Бұрынғы қорғаныс министрі елімізде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдаған жоқ», - деді Бас прокурор.

Еске салайық, 2022 жылдың 19 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді. Кеңес барысында президент Мұрат Бектановты Қорғаныс министрі лауазымынан босатып, бұл қызметке Руслан Жақсылықовты тағайындау туралы жарлықтарға қол қойғанын хабарлады.

Сол жиында Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Қорғаныс министрін сынға алып, Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмағанын, министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмағанын ашық айтты.

2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

2022 жылғы 20 ақпанда М. К. Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама