Бас прокурор Мәжілісте қаңтар оқиғасы туралы баяндады
Бас прокурор Берік Асылов қоғамда бейбіт митинг өткізу мәдениетін қалыптаспағанын, қаңтар оқиғасында заң талаптары өрескел бұзылғанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Сол күні тәуелсіздігіме орасан зор қатер төнді. Сіздер оры видеодан көрдіңіздер. Көптеген ірі қаладағы ғимараттар өртеніп, астаң-кестең болды. Басты құндылығымыз адам өміріне қауіп төнді», - деді Бас прокурор Мәжілістің жалпы отырысында.
Бас прокурор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде батыл шешім қабылдағанын атап өтті.
Президент қабылдаған батыл қимылдарының нәтижесінде елге төнген қауіп-қатердің беті қайтты. Ол күндері барлық заң бұзылды. Өкінішке қарай қоғамда бейбіт митинг өткізу мәдениетін қалыптаспағанын мойындауымыз керек. Адамдар жиналып көшеге шыққан кезде бейбіт митинг туралы заңның барлық нормасы бұзылды. Ұйымдастырушылар әкімдікті хабардар етпей мыңдаған адамды жинады, - деді Берік Асылов.
Оның айтуынша, Whatsapp, Telegram арқылы тәртіпсіздікке қатысушылардың жиналуы мен қозғалысы ұйымдастырылған.
«Алматыда санаулы сағат ішінде бір топтың ғана ішінде қатысушылардың саны 5,5 мыңға дейін көбейді. Сол сияқты Жамбыл облысында чаттарда қатысушылардың саны 4 мыңға дейін өсті. Кейін тобыр әсері болды. Адамдар полицияның заңды талабын орындамай қарсылық көрсетті. Өртеді, тонады, күш қолданды. Бұл – нағыз қылмыс. Алматыға көрші облыстардан арнайы адамдар келе бастады. Кейін жағдай ушыға түсті. 2022 жылғы 5 қаңтарда 8 өңірде әкімшіліктерге шабуыл жасалды. Олар билікті басып алғысы келді», - деді Бас прокурор.