Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында ауыл жастары төбелесіп, жас жігіт мерт болды

Күдікті ретінде 24 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды

 Халық үні 05.01.2023 | 08:15
Атырау облысында ауыл жастары төбелесіп, жас жігіт мерт болды
Фото: 24.kz

Атырау облысында футбол ойынына жиналған жігіттердің арасында жанжал болып, соңы адам өлімімен аяқталды.

atyrauoil.official парақшасының хабарлауынша, Сағыз ауылында жас жігіттер жолдастық кездесу өткізу үшін спорт кешеніне жиналған. Ойын барысында өзара сөзге келіп, жанжал сыртта жалғасқан.

Төбелес салдарынан бір студент ауруханаға түсті және жақында ғана әскерден оралған 22 жастағы жігіт суық қарудан көз жұмды.

Полиция Қылмыстық кодекстің Адам өлтіру бабымен тергеуді бастады. Күдікті ретінде 24 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама