Елордалық құтқарушылар ескерту жасады
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Барыс» спорт кешенінің маңында коньки тебуге тыйым салды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ауа райының күрт өзгеруіне, мұздың еруіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына Алматы ауданы Ақбұлақ өзенінің «Барыс» спорт кешенінің бойындағы («Қазақстан» спорт кешенінің жанында) су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша коньки тебуге тыйым салынатынын ескертеді. Азаматтардан төтенше оқиғаларды болдырмау мақсатында ескертулерді тыңдауды сұраймыз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар! — делінген хабарламада.