Авариялық-құтқару жұмыстарына 512 адам мен 207 техника жұмылдырылған
Түркістан облысында бір тәулік ішінде қар құрсауында қалып қойған 92 адам құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қаңтардағы сағат 11:45-тен 4 қаңтардағы сағат 07:00-ге дейінгі аралықта облыстың Қазығұрт, Созақ, Бәйдібек, Төлеби аудандарында және Кентау қаласында, аудандық маңызы бар тас жолдың 7 учаскесінде ТЖД күштерімен қар құрсауында қалып қойған 4 жүк көлігі, 2 жолаушылар автобусы және 11 жеңіл автокөліктен 92 адам құтқарылған. Оның ішінде 5 бала жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілген. Олар медициналық көмекті қажет етпеді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ және ЖАО-ның барлығы 512 адамы мен 207 техникасы жұмылдырылды.