Ұшақ Алматы қаласына келеді деп жоспарланып отыр
15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты. Ұшақ Алматы қаласына келеді деп жоспарланып отыр. Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар.
Бір күн бұрын бұл ұшақ Қазақстан үкіметі атынан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын Катовице қаласына жеткізген болатын. Одан әрі жүк Украина аумағына автокөлікпен жеткізіледі.
14 наурызда Алматы қаласының әуежайынан Украинаға гуманитарлық көмек жіберілді. ҚР Үкіметі жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украина халқына медициналық препараттар партиясын бөлу туралы шешім қабылдады.