Қалада екінші күн боран соғып тұр
Елордада ауа райының нашарлауына байланысты 45 рейс кешіктірілді, деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
2023 жылғы 4 қаңтардағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласына/қаласынан 45 рейс кешіктірілді және тоқтатылды. Оның ішінде ұшып келуге – 26 рейс, ұшуға – 19 рейс, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Астана әуежайында 28 рейс кешігіп жатқаны хабарланған еді.