×

Херсон облысында 500-ге жуық ресейлік сарбаз жойылды

Соққылардың дәл тиюіне «ұялы телефондардың жоғары белсенділігі» себеп болған

 Дастан Жұмабекұлы 04.01.2023 | 14:35
фото: ашық дереккөз

Украина Қарулы күштері Херсон облысының Чулаковка селосында 500-ге таяу ресейлік оккупантты жер жастандырды. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.

Украина Қарулы күштерінің бас штабы осындай ақпарат таратты. Соққының 31 желтоқсанда, жаңа жыл қарсаңында берілгені де айтылып жатыр. Әзірге Ресей Қорғаныс министрлігі бұл оқиғаға байланысты ешқандай түсіндірме берген жоқ. HIMARS-пен дәл көзделіп атылған снарядтар 500-ге жуық басқыншыны жантәсілім еткен.

Сондай-ақ Донецк облысының Макеевка қаласындағы №19 ПТУ ғимаратына да HIMARS дүркін ракеталы жүйесімен соққы берілген болатын. Мұнда жақында ғана мобилизациямен әскерге алынған сарбаздар казармасы орналасқан. Олардың көбі сол жатқан орындарынан тұра алмай қалды.

Соққылардың дәл тиюіне «ұялы телефондардың жоғары белсенділігі» себеп болғанға ұқсайды.

Алдын ала болжам бойынша, HIMARS снарядтарының нысанаға дәл тиюуіне әскери қызметкерлердің ұялы телефонды белсене пайдаланғандары себеп болған. Жау ECHELON барлау кешенінің көмегімен ұялы байланыстың белсенділігі мен абоненттердің орналасқан жерін дәл анықтай алған, – делінген хабарламада.

Снарядтар түскен ғимараттың сау тамтығы қалмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, мұнда ол кезде 600 адам болған. Олардың дені Саратов және Самара облыстарынан келгендер болып шықты. 3 қаңтар күні таңертең Самара мен Тольяттиде, Самара облысының қалаларында қаза тапқан жауынгерлерді аза тұту шерулері өткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама