Қырғызстанда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды

Дәурен Ерболат

Министр тиісті бұйрыққа қол қойды

Фото: ibirzha.kz

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қырғызстанда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды, деп хабарлады Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің баспасөз қызметі.

Құжатта барлық мемлекеттік мәдени-ағарту мекемесінде (театр, спорт мекемелері, филармония, концерттік зал, кинотеатр, клуб, музей, министрлік қарамағындағы кітапханалар) өтетін концерттердегі вокалдық қойылымдардың барлығында жанды дауыспен өнер көрсету керектігі жазылған.

Бұйрық 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Оның орындалуын қадағалау аталған мекемелердің басшыларына жүктеледі.

Бұйрықтың орындалуын Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі қадағалайды.