Оның қосымша аурулары болған
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан бір науқас қайтыс болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Көз жұмған науқастың жасы 83-те.
Ол екпе алмаған. Оның басқа да аурулары болған – өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, артериялық гипертензия, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, қазір елімізде коронавирус жұқтырған 2,6 мың науқас емделіп жатыр.