×

Коронавирустан бір науқас көз жұмды – ДСМ

Оның қосымша аурулары болған

 Дәурен Ерболат 04.01.2023 | 13:51
Фото: Reuters

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан бір науқас қайтыс болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Көз жұмған науқастың жасы 83-те.

Ол екпе алмаған. Оның басқа да аурулары болған – өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, артериялық гипертензия, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, қазір елімізде коронавирус жұқтырған 2,6 мың науқас емделіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама