Қызылордада құрылыс басқармасы басшысының орынбасары ұсталды

Қымбат Елтайқызы

Оған 14,5 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр

фото: Halyq Uni

Қызылорда облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін қамауға алынды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы департаментінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді.

Қазір басқарма басшысының орынбасарына қатысты 2021 жылы аяқталмаған құрылыс нысанын заңсыз қабылдау арқылы 14,5 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған деген айып бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу соты күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.