Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Ақтөбеде қоқыс контейнері құлап, жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлады Polisia.kz.
1 қаңтарда 102 нөміріне 103 операторынан Сәңкібай батыр даңғылындағы үйдің ауласында қоқыс жәшігі құлағаны туралы ақпарат түсті.
Жедел-тергеу тобы контейнерді тиеу кезінде «КамАЗ» көлігінің көтергіші бұзылып, қоқыс контейнері 38 жастағы жұмысшының үстіне түскенін анықтады.
Әйел қаладағы көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді. Бірнеше сағаттан кейін жұмысшы сонда қайтыс болды, - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі бойынша («Еңбекті қорғау ережелерін бұзу») сотқа дейінгі тергеу басталды.