Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

Дәурен Ерболат

Тұрғындарға ескерту жасалды

Фото: inbusiness.kz/Максим Морозов

Кар көшкіні қаупіне байланысты Үлкен Алматы көлі мен Шымбұлаққа баратын жолдар жабылды, деп хабарлады Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті.

Басқарма мәліметінше, мұнда бекеттер қойылған.

«Медеу» өткізу пунктінде, Алмарасан шатқалында және «Шымбұлақ» ТШК-інде үгіт-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Онда билетті сатып алған келушілерге қар көшкіні кезіндегі іс-қимылдар туралы жадынамалар беріліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

4 қаңтарда қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін.

Құтқарушылар алматылықтарға қар көшкінін тудырмау үшін тау беткейлеріне шықпауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, тауда жаяу серуендеуден бас тартуға шақырады.

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша қар көшкіні қаупі сақталған 165 учаске бар. Оның ішінде қала тұрғындары мен туристері үшін ең үлкен қауіп тудыратыны – Медеу, Шымбұлақ және Үлкен Алматы көлі ауданында орналасқан 18 учаске.