Азамат Есқараев әр жылдары министрлікте басшылық қызметтер атқарған
Әділет министрлігін Азамат Есқараев басқарады, деп хабарлады Тelegram-дағы Борт N1 арнасы.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Әділет министрі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған Жарлықта.
Бұған дейін министрлікті Қанат Мусин басқарған еді.
Айта кетейік, Азамат Несіпбайұлы Есқараев 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Алматыдағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастаған.
2000-2002 жылдары Әділет министрлігі заңнама департаментінің бас маманы қызметін атқарды;
2002-2003 жылдары Әділет министрлігі заңнама департаментінде бөлім басшысы, басқарма басшысы;
2003-2005 жылдары Әділет министрлігі заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы;
2005-2006 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы;
2006-2007 жылдары «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ заң қызметтері департаментінің бас менеджері;
2007 жылы Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты, ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы;
2007-2008 жылдары Әділет министрінің көмекшісі;
2008-2009 жылдары Әділет министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры;
2009-2014 жылдары Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры;
2014-2019 жылдары Премьер-министр кеңсесі Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2019 жылғы маусымнан бастап Премьер-министр кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.