Halyq Uni логотип
×

Әділет министрі тағайындалды

Азамат Есқараев әр жылдары министрлікте басшылық қызметтер атқарған

 Дәурен Ерболат 04.01.2023 | 11:10
Әділет министрі тағайындалды
Фото: gov.kz

Әділет министрлігін Азамат Есқараев басқарады, деп хабарлады Тelegram-дағы Борт N1 арнасы.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Әділет министрі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған Жарлықта.

Бұған дейін министрлікті Қанат Мусин басқарған еді.

Айта кетейік, Азамат Несіпбайұлы Есқараев 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматыдағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастаған.

2000-2002 жылдары Әділет министрлігі заңнама департаментінің бас маманы қызметін атқарды;

2002-2003 жылдары Әділет министрлігі заңнама департаментінде бөлім басшысы, басқарма басшысы;

2003-2005 жылдары Әділет министрлігі заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы;

2005-2006 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы;

2006-2007 жылдары «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ заң қызметтері департаментінің бас менеджері;

2007 жылы Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты, ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы;

2007-2008 жылдары Әділет министрінің көмекшісі;

2008-2009 жылдары Әділет министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры;

2009-2014 жылдары Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры;

2014-2019 жылдары Премьер-министр кеңсесі Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2019 жылғы маусымнан бастап Премьер-министр кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама