×

8 өңірде жол әлі жабық тұр

Автожолдарда 830-ға жуық маман жұмыс істеп жатыр

 Дәурен Ерболат 04.01.2023 | 10:05
Фото: pavlodarnews.kz

Ауа райының нашарлауына байланысты 8 облыста жол әлі жабық тұр, деп хабарлады республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанда күн райы әлі қолайсыз болып саналады. Сондықтан Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарында республикалық маңызы бар жолдар әлі жабық тұр.

Республикалық маңызы бар автожолдардың 44 учаскесінде қозғалыс шектелді. Оның ішінде жабық учаскелерде 541 арнайы техника мен 829 маман жұмыс істеп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама