Залал сомасы – 3,7 млн теңге
Жетісу облысында зейнеткерден алтын ұрлады деген күдікпен бұрын сотталған 2 ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
26 желтоқсанда Көксу ауданында 72 жастағы жергілікті тұрғын белгісіз біреулер зергерлік бұйымдарын ұрлағанын айтып, полицияға арызданған.
Егде жастағы әйелге келтірілген залал сомасы – 3,7 млн теңге.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 2 күдіктіні ұстады. Олар бұрын істі болған.
Ұрланған зергерлік бұйымдар заңды иесіне қайтарылды.
Ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.