×

72 жастағы зейнеткерден алтын ұрлағандар ұсталды

Залал сомасы – 3,7 млн теңге

 Дәурен Ерболат 04.01.2023 | 09:48
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында зейнеткерден алтын ұрлады деген күдікпен бұрын сотталған 2 ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

26 желтоқсанда Көксу ауданында 72 жастағы жергілікті тұрғын белгісіз біреулер зергерлік бұйымдарын ұрлағанын айтып, полицияға арызданған.

Егде жастағы әйелге келтірілген залал сомасы – 3,7 млн теңге.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 2 күдіктіні ұстады. Олар бұрын істі болған.

Ұрланған зергерлік бұйымдар заңды иесіне қайтарылды.

Ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама