6 пациент өте ауыр халде
Қазақстанда өткен тәулікте 87 адамнан СOVID-19 анықталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
4 қаңтардағы мәлімет бойынша, коронавирустан 2,6 мың науқас емделіп жатыр.
Оның ішінде 259 пациент – стационарда, 2 341 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 7 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.