Қазақстанда 127 жол учаскесі жабық – ТЖМ

Дәурен Ерболат

Оның 49-ы - республикалық, 78-і - облыстық маңызы бар жолдар

Фото: ng.kz

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты (жолдың дұрыс көрінбеуі, бұрқасын, көктайғақ) 127 жол учаскесі жабылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, жолдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Мұндай штабтар өңірлерде де жұмыс істеп жатыр. Бақылау бекеттерінде 600 көлік тұрып қалған.

Бір тәулікте құтқару бөлімшелері 691 адамды құтқарып, қауіпсіз жерге жеткізді. Оның ішінде 137 бала (Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Абай облыстары) бар. 145 техника сүйретілген.

Тұрғындарды эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде 838 уақытша жылыту пункті ұйымдастырылды. 87 техника (Вахтовка және Кунг) көмек көрсетуге дайын тұр.

Уақытша жылыту орындарында 420 адам бар. Оның 69-ы – балалар (Жамбыл, Абай, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары).

Ауа райының қолайсыздығына байналысты қазақстандықтарға 232 SMS әрі «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 71 хабарлама жіберілді.

Құтқару жұмыстарына барлығы 1 мыңға жуық адам мен Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктері мен жергілікті атқарушы органдардың 600-ге жуық техникасы жұмылдырылған.

Жолды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.