Тоқаев пен Путин не туралы сөйлесті
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық еткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшылары бірін-бірі жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді», - делінген ақпаратта.
Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылаған.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық еткен.