Ақынның бұл өлеңіне жағымсыз пікір көп жазылып жатыр
Назарбаевтар әулеті мен қолында билігі бар шенеуніктерге дүркін-дүркін ода арнап танылған ақын Балтабек Нұрғалиев oрыс тіліне де арнап өлең жазды.
Ақын Facebook желісіндегі парақшасында әуелі өлеңінің орысша нұсқасын жариялады. Көпшіліктің пікірінен кейін ол өлеңінің қазақша нұсқасын ұсынды.
Орыс тілім, жасай бер, орыс тілім,
Мен өзіңді білуге борыштымын.
Орыс тілін білмесем егерде мен,
Түсінбес ем өмірде көп іс түбін.
Орыс тілім — қанатым қалықтаған,
Орыс тілде сөйлесем, шабыттанам.
Орыс тілі — көркем тіл, әдемі тіл,
Ұлылығын айтудан жалықпағам.
Орыс тілде ән айтам, тыйым салма,
Өзім білем мен оған сыйынсам да.
Орыс тілі — жанымның шамшырағы,
Орыс тілмен шешілер қиын шаруа.
Орыс тілсіз ұқпаспын замандарды,
Әлемдегі хаттарды, хабарларды.
Сүюге де міндеткер емеспін мен,
Орыс тілін сүймейтін адамдарды.
Ақынның бұл өлеңіне жағымсыз пікір көп жазылып жатыр. Желідегі оқырман «Елді құртатын, сатқындық жасайтын осындай сорлылар!», «Мынауың таза жынды екен ғой», «Орыс тілін дамытуға ақша бөліне ме?», «Арамыздағы ең ақылды осы Балтабек болып шығады», «Сатқындықта да шек болмайды», «Балтабек, орыс тілін соншалықты сүйсең, Ресейге көшсеңші!» дегендей қарсылығын білдіріп жатыр.