×

Алматы облысында жоғалып кеткен бүтін бір отбасы табылды

Көлікте жанармай таусылып, жолға шыға алмай қалған

 Дастан Жұмабекұлы 03.01.2023 | 22:42
фото: ашық дереккөз

Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды.

Республикалық жедел-құтқару жасағы тобы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағы бірігіп, Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей, 40-қа жуық автокөлік табылды. Адамдардың саны анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен. Көбісінің көлігінде жанармай таусылып қалған. Қазір құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды машиналарымен колонна арқылы эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, –  делінген хабарламада.

Бүгін таңертең Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімі пультіне бір отбасының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама