×

«Ақша үшін достықты сатты»: Тоқтасынов жақын досы Жақияновты кінәлай бастады

Жиналыс жасап бетіне айтқанымызда жылап та жіберді, дейді ол

 Халық үні 03.01.2023 | 21:55
фото: ашық дереккөзден

Мәжілістің бұрынғы депутаты Төлен Тоқтасынов саясаттағы үзеңгілес досы, экс-шенеунік Ғалымжан Жақиянов жайлы сұмдық деректі жайып салды. Оның айтуынша, қазір Моңғолияда тұратын Семей, Павлодар облыстарының бұрынғы әкімі ақша үшін арадағы достықты сатып кеткен, деп хабарлайды exk.kz.  

Моңғолияда тұратын Ғалымжан Жақиянов жайлы деректі Төлен Тоқтасынов «Таразы» бағдарламасында айтты. Онда экс-депутат Жақияновпен жақын дос болғанына тоқталған. Тіпті Моңғолияда бірлесіп іс бастап, Қазақстанда басына күн туғанда үлкен қолдау білдіргенін жеткізген. Бірақ соңында сол көрсеткен достық сеніміне ақша селкеу түсірген көрінеді.

«Қытайда жақсы танысы болған соң компанияның сол жақтағы ісіне Жақияновты жауапты еттік. Бірақ сол жақтан түскен пайданы ол өз қалтасына салған. Жиналыс жасап бетіне айтқанымызда жылап та жіберді. Ақыр соңында мені барлығына кінәлі етіп, алаяқ жасап сотқа берген. Ең қиыны достың сатқындығы, саған жасаған опасыздығы екен», — дейді экс-депутат.

Сондай-ақ, сұхбатта ол Ғалымжан Жақияновқа осы айтылған мәселенің бәрін бетіне айтуға да, ашық көтеруге де дайын екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама