9 адам зардап шекті. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр
Бүгін Арқалық-Торғай тас жолында бес көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты.
Осы оқиғаға қатысты қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жол апаты сағат 14.03-те болған. Арқалық-Торғай тас жолында «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, соның салдарынан бес автокөлік соқтығысқан.
Toyota-ның жүргізушісі алдымен Nissan автокөлігімен, одан кейін тағы үш көлікпен соқтығысқан , – деді Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Балғожин.
Апат салдарынан Nissan жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал жалпы жол апатынан 9 адам зардап шекті. Олардың үшеуі Арқалықтың ауруханасындағы жансақтау бөлімінде жатыр.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.