×

Арқалық-Торғай тас жолында бес көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

 9 адам зардап шекті. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 03.01.2023 | 21:52
фото: Арқалық қаласының полиция басқармасы

Бүгін Арқалық-Торғай тас жолында бес көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты.

Осы оқиғаға қатысты қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жол апаты сағат 14.03-те болған. Арқалық-Торғай тас жолында «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, соның салдарынан бес автокөлік соқтығысқан.

Toyota-ның жүргізушісі алдымен Nissan автокөлігімен, одан кейін тағы үш көлікпен соқтығысқан , –  деді Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Балғожин.

Апат салдарынан Nissan жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал жалпы жол апатынан 9 адам зардап шекті. Олардың үшеуі Арқалықтың ауруханасындағы жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама