Halyq Uni логотип
×

Тоқаев қазақы ит тұқымдарын сақтау туралы заңға қол қойды

Тазы мен төбетті сақтау мақсатында арнайы орталық құрылады

 Халық үні 03.01.2023 | 13:39
Тоқаев қазақы ит тұқымдарын сақтау туралы заңға қол қойды
фото © Ксения Воронина

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Құжат аясында қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы құрылады. Заң жобасының нормаларын іске асыру үшін бюджеттен 1,4 млрд теңге көзделген.

Заң жобасымен қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары бекітіледі:

  • қазақы ит тұқымдарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • қазақы ит тұқымдарының тазалығын сақтау.

Қазақы ит тұқымдарын сақтау мен өсімін молайтуды қамтамасыз ету жүйесіне төмендегілер кіреді:

  • аумақтық бөлімшелері бар оның ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;
  • қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;
  • қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы;
  • қазақы ит тұқымдарын өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама