Жылдық күнтізбе бойынша 365 күннің 245-і жұмыс күні болып саналады
2023 жылы қазақстандықтар 120 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жылдық күнтізбе бойынша 365 күннің 245-і жұмыс күні болып саналады. Бұл 5 күндік жұмыс аптасына байланысты есептелді.
Қазақстандықтар қаңтар мен наурыз айларында ең көп - 12 күн демалады. Ал ақпан мен қарашада 8 күн.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заң бойынша, Жаңа жыл мемлекеттік мәртебесі бар мейрам болып есептеледі. Осылайша 1-2 қаңтар демалыс болып белгіленген.
Жыл ішіндегі демалыс күндерін былай бөліп көрсетуге болады:
- Қаңтарда Жаңа жылға 3 күн - 1, 2 және 3 қаңтар;
- наурызда 3 күн - 21, 22 және 23 наурыз;
- сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн - 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн - 6, 7, 8 және 9 мамыр;
- шілдедежұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады - 6, 7, 8 және 9 шілде;
- желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн - 16, 17 және 18 желтоқсан. Себебі 16 сенбіге сәйкес келеді.
2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді. Себебі діни мереке сенбіге немесе жексенбіге сәйкес келсе де, демалыс келесі күнге ауыспайды.
Құрбан айт 28 маусымда басталады.