ҚР Конституциялық Соты және оның Аппараты қызметінің мәселелері туралы Жарлық шықты

Халық үні

Президент тиісті Жарлыққа қол қойды

Фото: sud.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты және оның Аппараты қызметінің мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін ҚР Конституциясының 71-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының құрамы тағайындалды.

Республика Президентінің Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Конституциялық Соттың Төрағасы болып тағайындалды.

Конституциялық Соттың судьялары ретінде:

Мемлекет басшысы – Қайрат ЖақыпбаевтыАйжан ЖатқанбаеваныБақыт Нұрмұхановты және Роман Подопригораны;

Парламент Сенаты: Айгүл ҚыдырбаеваныАсан Ескендіровті және Ерлан Сәрсембаевты;

 Парламент Мәжілісі: Қанат МусиндіЕркін Оңғарбаевты және Сергей Ударцевті тағайындады.

Конституциялық Соттың құрамы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өз міндеттерін орындауға кірісті.